KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1,3 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Семейде үш адамнан коронавирус анықталды

8.05.2020, 19:50 160

Семейде коронавирус жұқтырған тағы 3 адам тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

1947 жылғы әйел адам өзін нашар сезінгеннен кейін медициналық көмекке жүгінеді. Оған алдын ала қойылған вирустық пневмония диагнозынан кейін, алгоритмге сәйкес, дереу ПТР әдісімен коронавирус инфекциясына тексеріледі. Өкінішке орай, нәтижесі оң қорытынды көрсетті. Мекен-жайы бойынша 11 жақын байланыста болған адам анықталды. Потенциалды байланыстағылар саны нақтылануда.

Екінші жағдай 1963 жылы туған ер адамда тіркелген. Ол да өз бетінше медициналық көмекке жүгінген. 7 мамырда ПТР әдісімен науқастан COVID-19 вирусы анықталды. Қазіргі ақпарат бойынша, жақын байланыста болған 16 адам анықталды. Оның ішінде, тұратын жері бойынша 3, жұмыс орны бойынша 13 және 86 әлеуетті топ, яғни, бір подъезде тұратындар. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Үшінші жағдай 1996 жылғы науқаста тіркелген. Ол COVID-19 вирусын 1963 жылы туған ер адамнан жұқтырған. Жас жігіт бұған дейін жақын байланыста болған адамдар тобына кіріп, оқшауланған болатын. Алгоритмге сәйкес өткізілген ПТР тестілеу оң нәтиже көрсетті. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта, инфекциялық бөлімге ауыстырылды.

Науқастарпен байланыста болған азаматтар анықталу үстінде. Белгілі болғандары, деңгейіне қарай оқшауланып, биологиялық сынамалары зертханалық талдауға жіберіледі.

Барлық жерлерде санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 33 коронавирус жағдайы тіркелген, оның үшеуі сырттан әкелінген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу