KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, В
498.55 524.28 4.75

ШҚО-да тағы 3 адамнан коронавирус табылды

1.05.2020, 09:16 158

Коронавирус инфекциясы Семей қаласының тағы 3 тұрғынынан анықталды. Олардың барлығы бұған дейін COVID-19 жағдайы расталған 1952 жылғы науқаспен байланыста болған. Бұл - 1966 жылғы ер адам, сондай-ақ 1968 жылы туған әйел мен 1998 жылғы қыз бала.

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің ақпараты бойынша, енгізілген шектеу шараларына қарамастан, 1952 жылғы әйелдің үйінде отбасылық іс-шара өткен. Бүгінде коронавирус 8 адамның жетеуінде анықталып отыр. Олардың ішінде 2017 жылғы бала да бар.

Эпиданамнез бойынша олардың барлығы облыстан тыс жерлерге, шет елдерге шықпаған. Осы ошақтағы тек бірінші жағдай бойынша 47 адам байланыста болғаны анықталды, оның 10-ы жақындары. Барлық 7 жағдай бойынша байланыста 83 тұлға болған. Жақын туыстары - 26, әлеуетті санатта – 57 адам.

Алгоритмге сәйкес, олар санаты бойынша обсервациялық және үй карантиніне оқшауланған. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Облыс бойынша барлығы 23 КВИ расталды, оның үшеуі сырттан әкелінген, 20-ы жергілікті. Өскемен қаласында 1 адам көз жұмғаны белгілі. Аумақтық бөлу бойынша Өскемен қаласында 7, Семейде 14, Абай және Глубокое аудандарында 1 жағдайдан тіркелген.

Шығыс Қазақстан облысының барлық тұрғындарын карантиндік тәртіптің барлық шектеулерін қатаң сақтауды сұраймыз. Өзіңіз бен жақын адамдардың өмірінің қауіпсіздігі үшін ең алдымен Сіз жауаптысыз! Сондықтан сақтай біліңіздер!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу