Семейде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
![](/kz/uploads/posts/iblock/abc/abc813b6d56d6e639a58435e9cfd0afd.jpg)
Соңғы күндері Семейде COVID-19 вирусын жұқтырған науқастардың саны күрт артты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
⠀
10 мамырдағы жағдай бойынша, қаланың тағы үш тұрғынында ПТР әдісімен өткізілген тестілеу нәтижелері коронавирус инфекциясын растады.
⠀
1971, 1978 және 1961 жылы туған ер азаматтар 38-інші және 42-нші жағдай бойынша бұрын ауырған науқастармен әлеуетті байланыста болған адамдар.
⠀
Қазіргі уақытта вирустың таралған 3 ошағы анықталды. Эпидемиологиялық зерттеу және оқшаулау жұмыстары жалғасуда.
⠀
Қазіргі уақытта облыс бойынша коронавирустың расталған 51 жағдайы тіркелген. 3 сырттан әкелінген, 48 жергілікті, оның ішінде 1 адам аталмыш вирустан көз жұмды. Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3,7% құрады.