KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да әскери қызметкер 4 қабаттан секіріп өлмек болған әйелді құтқарып қалды

6.05.2020, 04:44 133

5 мамыр күні сағат 19:30 шамасы. Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің әскери қызметкері аға сержант Думан Боғасбаев өз үйінің балконында тұрған сәтте, қарама-қарсы қираған ескі тұрғын үйдің 4-ші қабатынан төменге секіруге оқталған әйелді байқап қалады.

Оқиға жайлы бірден полиция бөліміне хабар берген Думан дереу Школьная 2, көшесіндегі қираған үйге жүгіре жөнеледі.

Ғимараттың артқы жағынан айналып кіріп, 4-ші қабатқа көтерілген аға сержант аяғының ұшымен жақындап келіп, төменге секіруге дайындалған әйелді ішке тартып кіргізіп алады.Өзіне қол жұмсамақ болған азаматшаны қауіпсіз орынға шығарып алғаннан кейін, оқиға орнына полиция қызметкерлері келген.

-Шынымды айтсам, бұл жағдайда әйелді үгіттеуге, қателік жасамауға өтініп тұратындай уақыт болған жоқ. Өз өміріне балта шаппай тұрғанда, шапшаң қимылдап, тез құтқарып қалу керек болды. Өйткені, өзіңіз түсінесіз ғой, бұл жерде ең әуелде адам өміріне қауіп төніп тұрды,-дейді аға сержант Думан Боғасбаев.

Қазіргі таңда құзырлы органдар әйелді суицидке не итермелегенін анықтап жатыр.

Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив