Қазақстанда шаштараз қызметі қымбаттады
Елімізде шаштараз қызметінің бағалары бір жылда бес пайызға дейін қымбаттапты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мұндай қорытындыға finprom.kz сарапшылары келіп отыр.
Қазақстанда әйелдердің шаш алу үлгісі наурыз айының соңында орташа 1900 теңге болған, ол өткен аймен салыстырғанда 0,4 пайызға жоғары, ал өткен жылдың наурыз айымен салыстырғанда 4,8 пайызға көп.
Шаштараз қызметі, әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында қымбат екен – 4000-4700 теңгеден. Ең арзан қызмет Семей қаласында – 1000 теңге.
Жалпы шаштараз бен адамдарға жеке қызмет көрсететін орындардың бағалары бір айда 0,2 пайызға, ал бір жылда – 5,2 пайызға қымбаттаған.
Айта кетсек, 4 мамырдан бастап елімізде шаштараздар жұмысын бастады. Олар келушілерді алдын ала жазылу бойынша ғана қабылдайды.