Екі апта бұрын жоғалған ШҚО тұрғынының денесі табылды
Шығыс Қазақстан облысында із-түссіз жоғалып кеткен азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Николай Олызько есімді азаматқа 19 сәуір күні іздеу салынған. Полициямен бірге LIDER.KZ еріктілер тобы екі апта көлемінде іздеу жұмыстарын жүргізді. Ал бүгін 29 жастағы тұрғынның денесі табылды.
Полиция істің мән-жайын анықтауда.
Оқи отырыңыз