KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

«Өзенге құлап кетуі мүмкін». ШҚО-да жоғалған баланы іздеу жұмыстары жалғасуда

19.08.2019, 10:07 244

ШҚО-ның Алтай ауданында 1 жасар баланың жоғалып кеткені туралы жазған едік.  Әлихан Талғатов есімді бүлдіршін өз үйінің ауласында ойнап жүрген жерінде із-түссіз жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта Алтай ауданының Средигорное ауылында құтқарушылар тобы, полиция департаменті, жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ, еріктілер тобы іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екі күннен астам уақыт өтті. Бала туралы ешбір хабар жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әлиханды іздеуге барша ауыл тұрғындары атсалысуда. Еріктілер тобындағы адамдардың да саны сағат сайын артып келеді.  Олардың бірқатары ауыл аумағындағы шұңқырлар мен жерқоймаларды аралап шықса, қалғандары құтқарушылармен бірге өзеннің жағалауын қарап жүр.

Айта кетсек, Әлихан тұратын үйдің маңында жыра бар, ол жерде Березовка өзені ағып жатыр екен. Бала суға құлап кетуі мүмкін деген болжам айтылып отыр. Тәртіп сақшыларының із кесуші иттері де баланың ізін осы өзен жағалауында жоғалтып алыпты. Екі күн бойы аквалангшылар да өзенде іздеу шараларын жүргізді. Әзірге еш нәтиже жоқ деседі. Тіпті, ауыл ішіндегі таңнан ерте тұратын тұрғындар да Әлиханның көшеде жүргенін көрмеген.

Десе де, әлі де ешкім үмітін үзер емес. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарын ТЖД-ның жеке құрамынан 24 адам, аудандық полиция бөлімінен 9 адам, жергілікті атқарушы органдардан 120 адам, орман шаруашылығынан 6 адам, еріктілер мен жергілікті тұрғындардан 10 адам тынбай жалғастыруда. Сондай-ақ, 6 техника жұмылдырылып, 4 із кесуші ит қосылып отыр. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив