"Семей құрылыс материалдары" 100 оқушыға планшет сыйлады
"Семей құрылыс материалдары" ЖШС 100 оқушыға планшет сыйлады.
Семейдегі ақпарат орталығының мәліметінше, кәсіпорын “Kusto Help” қайырымдылық акциясының аясында аз қамтылған отбасының балаларына онлайн оқуға көмек көрсетті.
- Семейге 10 миллион теңге қаржы бөлінді. Қаржыны үш бағытта жұмсадық. Бірінші, 100 оқушыға планшет, екінші, 648 отбасына азық-түлік пакеті, үшінші, медицина қызметкерлеріне қорғаныш құрал-жабдық, - деді кәсіпорын директоры Асхат Мейірманов.

Оқи отырыңыз