KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

ШҚО ПД ЖПҚ қызметкерлері балаларға кеңсе заттары мен сөмке сыйлады

1.09.2022, 17:22 238

ШҚО ЖПҚ қызметкерлері жыл сайын дәстүрлі түрде аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларды жаңа оқу жылына дайындау бойынша акцияларға қатысады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл жолы да білім күні қарсаңында жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев алты бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасына барды. Аталмыш отбасыда үш бірдей бала мектепке барады.

-        Талғат Бақытханұлы ШҚО ПД ЖПҚ-ның қызметкерлерінің атынан үш оқушыға мектеп керек-жарақтары бар сөмкені сыйлады. Балалар өздерінің кеңсе заттарын алып, полицейлерге ризашылықтарын білдірді. Кім біледі, мүмкін дәл осы мейірімді қадам оларды болашақта полиция мамандығын таңдауға итермелейтін шығар, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив