Коронавирус маусымдық ауруға айналуы мүмкін
Қазір әлемді жайлап, үрей туғызған коронавирус инфекциясы уақыт өте келе тұман секілді маусымдық ауруға айналуы мүмкін екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мұндай болжамды қытай ғалымдары жасады.
Шетелдік ақпараттық басылымдары Қытай медицина ғылымдары академиясы патегондер биологиясы институтының ғалымдарының болжамын жарыса жариялауда.
Олардың пайымдауынша, коронавирустың көзі толықтай жойылмайды, керісінше, жыл сайын маусымдық ауру секілді пайда болып отырады.
Зерттеулерге сәйкес, COVID-19 17 жыл бұрын пайда болған өзіне ұқсас SARS секілді түбегейлі жоғалып кетпейді. Бұл инфекцияның белгілері айқын, жұқтырғандардың жағдайы асыр ауыр болатын, алайда карантин режимі енгізілгеннен кейін таралуы бәсеңдей түскен.
Онымен салыстырғанда COVID-19 вирусы жиі еш белгісіз өтеді және байқалмай таралады. Осы себепті, оны тоқтату мүмкін емес.
Қазір әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 3 миллионнан асып кетті. Одан көз жұмғандардың саны 228 223 адамға жетті. Дегенмен 1 миллионнан аса адам бұл індетті жеңіп, жазылып шықты.