Семейде 1 мамыр күні онлайн форматта мерекеленеді
Семейдің Достық үйі Қазақстан халықтарының бірлігі күнін онлайн форматта атап өтпек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Коронавирус пандемиясына байланысты мерекені онлайн-режимде өткізу туралы шешім қабылданып отыр. Қалалық Достық үйі тұрғындар үшін бірқатар арнайы іс-шаралар әзірлеп қойған екен.
Достық үйінің басшысы Надежда Шарованың айтуынша, 27 сәуірден 1 мамырға дейінгі аралықта әлеуметтік желілерде мерекеге арналған түрлі бейнероликтер пайда болады. Көрермендер онлайн-концерттерді тамашалайтын болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына арналған этно-мәдени орталықтардың тарихы туралы видео ұсынылады. Сондай-ақ, қолдаг жасалған бұйымдар арасында онлайн-конкурстар мен мастер-класстар ұйымдастырылмақ.