KZ
Өскемен
-25°
туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

ШҚО-да тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты

26.04.2020, 03:29 248

Шығыс Қазақстан облысында тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Естеріңізде болса, Египетке барып келген Семей қаласының тұрғынынан COVID-19 инфекциясы анықталған еді. 1959 жылы туған ер азамат жұқпалы аурулар стационарында ұзақ уақыт емделіп, аяққа тұрды. Емханадан шығып, үйіне оралды. Толық тексеруден өткен, денсаулығы жақсы.

Айта кетейік, осымен облыста 6 адам сауығып кетті. Тағы тоғыз науқас емделіп жатыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу