KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскемен-Талдықорған тасжолы қашан ашылады?

25.04.2020, 10:04 106

Өскемен-Талдықорған тасжолы биыл ашылады. Ұзындығы 763 шақырымды құрайтын көлік жолы Алматы облысындағы Қойлық елді мекені мен Шығыс Қазақстан облысындағы Шыңқожа, Үшбиік, Аягөз ауылдарының маңынан өтеді, деп хабарлады Алтайньюс тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жол жөндеу жұмыстарын "CITIC Cinstruction Co.Ltd" ЖШС, "К-Дорстрой" ЖШС мен "Todini Central Asia" ЖШС жүргізуде. Жұмыстардың сапасын бақылауды "ГК Инжиниринг" және "ZS Enginering" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізуде.

Жоба бойынша Талдықорғаннан басталатын 32 шақырымдық 4 жолақты жол учаскесі І техникалық санатқа сәйкестендіріледі. Одан бері Өскеменге дейінгі 731 шақырымдық жол учаскесі – 2 жолақты, ІІ техникалық санатқа сай болмақ. Жөндеу жұмыстары барысында 6 көпір, теміржолдан өтетін 3 жол өткелі, жарықтандырылған 11 жол айрығы, 276 құбыр және демалыс алаңдары салынып, елді мекендер маңында автопавильондар орнатылады.

«Қазіргі уақытта 9970 текше метр жер қазу жұмыстары жүргізілген. 252 су өткізгіш құбыр мен 22 мал өткелі салынды. Сондай-ақ, 159 шақырымға құм мен қиыршық тасты қоспадан жасалған жолдың төсеме қабаты, 130 шақырымға жол табанының төменгі қабаты, 118 шақырымға ірі түйіршікті асфальтбетоннан жасалған жол табанының жоғарғы қабаты, 93 шақырымға жол жабынының төменгі қабаты төселді. Жол өткелдері, көпірлер мен жол айрықтары сияқты 25 нысанның құрылысы да қарқынды жүргізілуде, - делінген ақпаратта.

Осы жұмыстарға 3 мыңға тарта жол-құрылыс техникасы, 5 мыңға жуық маман жұмылдырылған екен. 2020 жылдың соңына дейін тасжол түгел көлік қозғалысы үшін ашылады деп жоспарлануда. 2022 жылы пайдалануға берілмек.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу