ШҚО-да волонтерлар «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын бастады
ШҚО жастар ресурстық орталығының мамандары Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік пакеттерін таратты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Акция "Эмиль" ЖШС мен облыстық ардагерлер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Ең алдымен қажетті азық-түлікпен 8 ардагер мен тыл еңбеккері қамтамасыз етілді.
- Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мерекелік көңіл күй сыйлағымыз келеді. Осылайша, біз Ұлы Отан соғысынан жеңіспен оралған қарттарға алғыс білдіргіміз келеді, - деді облыстық волонтерлар фронт кеңсенің жетекшісі Жансая Сержан.
Жалпы облыста волонтерлар соғыс ардагерлеріне тұрақты түрде қолдан келгенше көмек көрсетуде. Олар осы күнге дейін Шығыс Қазақстанда тұратын майдангерлердің үй шаруаларына қолғабыс етіп келеді. Алдағы уақытта бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Әсіресе, қазіргідей төтенше жағдай кезінде волонтерлардың жұмысы күшейе түспек.