KZ
Өскемен
-26°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

Өскеменде оқушылар «Заң мен тәртіп» челленджіне қатысты

13.01.2026, 10:30 67 Базарова Айгүл

Өскемен қаласында мектеп оқушылары арасында «Заң мен тәртіп» атты құқықтық челленджге белсенді қатысуда. Осылайша Кенді Алтайдың өрендері лудомания мен есірткіге қарсы күресуге дайын екендерін жеткізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Бүгін біз 46-мектептен жолданған «Заң мен тәртіп» челленджін қабылдадық. Біздің оқушылар бұл бастаманы зор ықыласпен қолдады. Челлендждің басты мақсаты – балалардың бойына құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңдылық идеясын сіңіру, заңға құрметпен қарауға және құқықбұзушылықтан аулақ болуға тәрбиелеу, – деді Өскемен қаласындағы №40 орта мектептің директоры Әсем Шамақаева.

Айта кетейік, «Заң мен тәртіп» челленджі заң талаптарын сақтау мен қоғамдық тәртіптің маңызын түсінуге бағытталған түрлі бастамаларды қамтиды. Бұл шығармашылық жоба қоғамдағы қауіпсіздік пен үйлесімділіктің негізі – заңды сақтау екендігін еске салады. Қазақстан бойынша бұл бастаманы мектеп оқушылары мен студенттер кеңінен қолдап отыр.

– Біз бұл челленджге ұзақ дайындалдық, атқарылған жұмыстың нәтижесіне көңіліміз толады. Дайындық барысында би жаттығуларымен қатар, заң талаптарын насихаттайтын плакаттар жасадық. Плакаттарда тыйым салынған заттар, ойынға тәуелділікті бейнелейтін элементтер және жол қозғалысы ережелерінің белгілері көрсетілді, – деді челленджге қатысушы Сауле Жәңгірова.

Ал тағы бір қатысушы Тимур Құсейіновтің айтуынша, мұндай акцияларға мүмкіндігінше жиі қатысып, оған әсіресе жастарды көбірек тарту қажет. Оның пікірінше, бұл қадамдар қылмыс пен құқықбұзушылық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді.




Дмитрий Чжан

Фото: Жібек Нұрахмет

Видео: Руслан Акматалиев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу