Айтыскер ақын Аслан Ғафуров ауылдағы көпбалалы аналарға көмек жасады
Тарбағатай ауданының тумасы, Республикалық Абай қорының атқарушы директоры , ақын Аслан Ғафуров төтенше жағдай кезінде өзінің туған жеріне көмек қолын созды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аслан Қабылбекұлы жуықта өзінің туған жері Тарбағатай ауданындағы Шеңгелді ауылына барып, көпбалалы және жалғыз басты аналарға көмек көрсетіп қайтты. Мұқтаж жанұяларға азық-түлік апарған ол, көрші ауылдардың тұрғындарына қажет кезде жәрдем жасап, халық алғысына бөленді.
-Ауылымыздың азаматы осындай үлкен істі қолға алып, шын мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп жатқан кезде еріксіз көзімізге жас келді. Біз үшін осы көмектің өзі үлкен сеп. Алғысымыз шексіз, Алла разы болсын,-дейді ауылдағы көпбалалы аналар.