KZ
Өскемен
-19°
облачно с прояснениями Штиль
514.74 599.36 6.71

"Бесқарағайдағы өртті сөндіруге ең ірі тікұшақ жөнелтілді"

24.04.2020, 05:00 424

Бесқарағай ауданындағы өртті сөндіруге Көкшетаудан ең ірі тікұшақ келді.

«Бүгін (24 сәуір) сағат 7:40-тағы мәлімет бойынша, өртті сөндіруге 88 техника мен 293 адам жұмылдырылған. Оның ішінде «ҚазАвиаОрманҚорғау» мекемесінің екі тікұшағы – МИ-2, МИ-8 бар. Сонымен қатар сағат 7:30-да көмекке Көкшетаудан бір тікұшақ шықты», – деп жазды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Айтуынша, өртенген аумақ, шамамен, 2 мың гектар.

Осы комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметтің хабарлауынша, Көкшетаудан аттанған тікұшақ – әлемдегі бойынша ең ірі тікұшақ.

«Көкшетаудан дүние жүзіндегі ең үлкен тікұшақ Ми-26Т «Семей орманы» резерватындағы өртті сөндіруге жіберілді. Борт бір сәтте 10 тонна су төгеді. Одан бөлек, бортта өртті сөндіруге атсалысатын Көкшетау горнизонының 30 мүшесі бар», - дейді Нұрахмет. 

Ал МИ-8 тікұшағы 2,5 тонна су таси алады.

Аталмыш тікұшақ туралы "Тенгриньюс" сайты «МИ-26 - ауыр, көп функциялы ресейлік тікұшақ. Бұл - дүние жүзіндегі ең ірі сериялық шығарылымдағы тікұшақ. 20 тоннаға дейін техника мен ірі габаритті жүктерді сыртқы аспада не жүк кабинасында тасымалдай алады. Ми-26Т модификациясы өртті сөндіру үшін әзірленген, сонымен қатар жүктерді тасымалдау үшін де қолданылады. Мысалы, 1999 жылы Ми-26Т 20 мың жыл бұрын өлген мамонт пен мұздың 20 тонналық кесегін тасымалдау үшін пайдаланылды» деп жазады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу