ШҚО-да «Мен – батырдың ұрпағы» атты челлендж басталды - Рухани Жаңғыру
ШҚО Ішкі саясат басқармасына қарасты Өңірлік «Рухани Жаңғыру» орталығы «Мен – батырдың ұрпағы» атты челлендж бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оған аталары немесе басқа да туыстары соғысқа катысқан кез-келген адам қатыса алады.
Бұл – ардагерлердің еңбегін бағалау, Жеңіске деген құрмет – дейді «Рухани Жаңғыру» орталығындағы ұйымдастырушылар.
«Мен – батырдың ұрпағы» челленджіне қатысу үшін Facebook, Instagram және YouTube желілеріндегі "Рухани жаңғыру - Шығыс Қазақстан" тобына соғысқа қатысқан жақындарыңыздың суретін салып, оның ерлігі мен өмірін қысқаша баяндап өтуіңізге болады. Веб-камера арқылы видео түсіріп, әңгімеңізді "Рухани жаңғыру - Шығыс Қазақстан" YouTube-каналына жүктей аласыз. Ары қарай эстафетаны келесі адмға жолдауыңыз керек.
«Мен – батырдың ұрпағы» челленджі 5 мамырға дейін жалғасады.