KZ
Өскемен
-11°
туман жел 1 м/с, С
495.28 518.41 5.44

ШҚО-да коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді төмендетеді

21.04.2020, 08:04 194

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың карантин және төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді төмендету туралы тапсырмасын орындау аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 18.04.2020 ж. №212 Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдарға шығындарды өтеу қағидаларын бекітті.

15 мың теңгеден коммуналдық қызметтерді төлеу сәуір және мамыр айларында коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдармен келісім-шарты бар келесі санаттағы азаматтарға төленетін болады:

- 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектер;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- көп балалы отбасылар;

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

- ең төменгі және одан аз зейнетақы алушы зейнеткерлер;

- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, соның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес төлем келесі коммуналдық қызметтер бойынша жүргізіледі:

- сумен жабдықтау,

- кәріз,

- газбен жабдықтау,

- электрмен жабдықтау,

- жылумен жабдықтау,

- қоқыс шығару

- лифтілерге қызмет көрсету.

Коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған қаражат азаматтарға берілмейтінін, коммуналдық кәсіпорындардың жеке шоттарына жіберілетінін атап өтемін.

Шығындарды өтеу үшін тұтынушы жергілікті атқарушы органға Call-орталықтар (қалалар мен аудандардың ТКШ бөлімдері) арқылы өтініш беру қажет. Call-орталыққа жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), жеке шоттарды және әлеуметтік мәртебесін айту қажет.

Қалалар мен аудандардың Call-орталықтарының жұмысы 2020 жылдың 21 сәуірінен басталады.

Түсініктеме беру үшін Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында 701-238 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейтін болады

Коммуналдық қызмет көрсету ережесіне сәйкес есептеулер бойынша төлем мерзімі сәуір айы бойынша мамырда, мамыр айы бойынша – маусымда басталады.

Өтінімдерді уақытылы беруді, тыныштықты сақтауды және үйде қалуды сұраймыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу