KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
515.97 537.8 5.25

Өскеменде бүгіннен бастап коммуналдық төлемдер бойынша өтінімдер қабылданады

22.04.2020, 05:33 317

22 сәуірден бастап қалада төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтердің құнын өтеуді рәсімдеу бойынша өтінімдерді қабылдау жөніндегі колл-орталық жұмыс істей бастайды. Төлем ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі № 212 бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Өтемақы алу үшін келесі санаттағы халықтың өкілдері жүгіне алады:

1) 1,2,3 топтағы мүгедектер
2) ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар
3) Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар
4) Көп балалы отбасылар
5)Ең төменгі зейнетақы мөлшері бар зейнеткерлер (базалық зейнетақы төлемін есептемегенде)
6) Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары

Өтемақыны коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша да алуға болады, соның ішінде:

1) Сумен жабдықтау
2) Су бұру
3) Жылумен жабдықтау
4) Электрмен жабдықтау
5) Орталықтандырылған газбен жабдықтау
6) Қоқыс шығару
7) Лифтілерге қызмет көрсету

Қоңырау шалушы айтуы қажет:

1) Аты-жөнін
2) Әлеуметтік мәртебесін
3) ЖСН
4) Мекен-жайын
5) Байланыс телефонын
6) Өтініш білдірушінің қызмет алуға шарт жасасқан коммуналдық кәсіпорындардағы жеке шоттарын.

Осы шоттарға 15000 теңге сомасы бар берешекке барабар бөлінеді. Егер берешектің жалпы сомасы 15000 теңгеден аз болса, артық төлем шоттар бойынша тепе-тең бөлінеді. Сәуір айына төлем мамыр айында жүргізіледі.

Колл-орталықтың жұмыс тәртібі 8:00-ден 19:00-ге дейін.

Колл-орталықтың телефон нөмірлері:

702-224
702-232
702-264
702-272
702-269

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу