KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 4 м/с, З
512.83 600.58 6.36

WTI маркалы мұнай бағасы тарихта алғаш рет нөлден төмендеді

21.04.2020, 04:17 467

20 сәуір күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша WTI маркалы мұнайдың бағасы рекордтық көрсеткішке төмендеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
 
Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,5 долларға немесе 5,3% - ға төмендеп, баррелі 26,58 долларға дейін түсті. Ал WTI маркалы америкалық мұнай 9,43 долларға немесе 51,6% - ға арзандап, баррелі 8,84 доллар болды.

Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, Мәскеу уақытымен 20:50-де американдық мұнайдың баррелі 0,9 долларға түсті. Ал 20:56-да рекордтық көрсеткішке төмендеп 0,01 долларға жетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу