KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Мұнайдың бағасы тағы да түсті

14.05.2019, 03:50 979

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,91 долларға төмендеп, 69,95 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) маусым айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,62 долларға төмендеп, бір баррелі 61,04 доллар болды.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу