KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да Жеңістің 75 жылдығына арналған конкурс басталды

17.04.2020, 06:27 193

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына орай конкурс ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл конкурсқа кітапханының жас оқырмандары қатыса алады: балалар, жасөспірімдер мен жастар.

Ол үшін Жеңістің 75 жылдығына арналған шығармалар, өлеңдер, суреттер мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын өткізу қажет. Ең үздік жұмыстар кәтапхананың көрмесіне қойылып, voiny.vko.kz сайтында жарияланады және де Ресейдің Псков облыстық кітапханасының желілік жобасына қатысуға жіберіледі. Аталмыш жоба pobeda.pskovlib.ru сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру мен конкурстық жұмыстарды қабылдау мерзімі - 25 сәуірге дейін. 25-30 сәуір аралығында әділ қазылар алқасы жүлдегерлерді анықтайды.

Ең үздік жұмыстардың авторлары 6 мамыр күні кітапхананың ғимаратында марапатталады.

Конкурсқа қатысты толық ақпарат pushkinlibrary.kz сайтында берілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив