KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Азық-түлік бағасын өсірген саудагерге – айыппұл

16.04.2020, 04:42 133

Әлеуметке маңызды азық-түліктердің бағасын өсірген саудагерге – 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл.

Еске сала кетейік, жуықта Сауда және интеграция министрлігі бірнеше маңызды тауардың бағасын бекіткен:

бірінші сортты бидай ұнының келісі 146 теңге;

бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан 150 теңге;

макаронның (өлшенетін) келісі 194 теңге;

қарақұмық жармасының келісі 281 теңге;

«шлифованный» күріш (өлшенетін) келісі 306 теңге;

сиыр етінің (жауырын, кеуде еті сүйегімен) келісі 1 750 теңге;

бірінші санатты жұмыртқаның келісі 280 теңге;

күнбағыс майының литрі 388 теңге;

ас тұзының («Экстрадан» басқасы) келісі 47 теңге.

– Әлеуметке маңызды тауарлардың қымбатқа сатылып жатқанын көрсеңіз, 1300 (call-орталық), 8 (7232)77-72-36 («КМС») немесе 8(7232)24-82-67 (қаладағы кәсіпкерлер бөлімі) байланыс нөмірлеріне шағымдана аласыз. Тауар бағасын бақылауға арнайы жасақталған топ пен қоғам белсенділері сіздің шағымыңыз түскен дүкенге рейд жүргізеді. Бағаны өсіргендер 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеледі, – деп жазылған қала әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу