ШҚО-да алаяқ саудагер жұрттың жарты миллион теңгесін жымқырып кетті
Шығыс Қазақстан облысында «ауадан ақша жасаған» саудагер тұрғындардың жарты миллион теңгесін жымқырып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Үйінің бөлмелеріне есік саламын деген семейліктер алаяқтың құрбаны болады.
Салиқалы киінген, отыздар шамасындағы ер азамат өзін жиһаз саудасымен айналысатын кәсіпкер ретінде таныстырған. Арзан баға ұсынған ол, үш тұрғынан тапсырыс қабылдап, алдын ала төлем жасауын өтінген. Саудагердің сөзіне сенген үш қала тұрғыны бірге 550 мың теңгені қолына ұстатқан. Алданған тұрғындар тәртіп сақшыларына шағымданды.
- Жедел іздестіріліп, күдікті ұсталды. Қазір ол тергеу изоляторында. Қылмыстық кодекстің 190-бабының бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.