«Экс-күйеуінің» екі миллион теңгесін жымқырып кетті – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бұрынғы күйеуінің екі миллионға жуық қаражатын жымқырып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Құқық қорғау органдары баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ерлі-зайыптылар ажырасқан. Кейінірек үйден өз заттарын алуға келген әйел «экс-күйеуінің» екі миллиондай, дәлірек айтсақ 4500 доллар қаражатын жымқырып кеткен.
Шағым түскеннен кейін, полицияның жедел уәкілдер оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктіні ұстады.
– Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп мәлімдеді Өскемен қаласының полиция басқармасы.
Оқи отырыңыз