KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Қолдан жасалған «қызыл қағаз». Өскеменде жүргізушілер ұсталып жатыр

15.04.2020, 09:50 124

Өскемен полициясы қаладағы рейд барысында төтенше жағдай ережесін бұзған көлік жүргізушілерін анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Полиция департаментіне сілтеме беріп.

«Қала көшелеріндегі рейдтің алғашқы бір сағатында бес жасанды рұқсаттама тәркіленді. Оның қызыл түсті екеуі Қазақстан мен Сағадат Нұрмағамбетов көшелерінде тоқтатылған автокөліктерден алынды. Көлік иелері рұқсаттаманы өз принтерлерінен шығарып алған», – деп жазылған ақпаратта.

Еске сала кетейік, кеше полиция халыққа түсіндіру жұмыстарының мерзімі өткенін, бұдан былай төтенше жағдай ережесін бұзғандар жазаланатынын хабарлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив