KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Алтай ауданында балабақшалар жұмысын тоқтатты

15.04.2020, 06:13 229

15 сәуірден бастап Алтай ауданында мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмысын тоқтатып, қоғамдық көлікке қатысты мәселелер шешілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүгін ауданда енгізілген шектеу шаралары аяқталғанға дейін барлық балабақшалар жабылды. Аудандық білім бөлімі басшысы Бақытгүл Қанафинаның айтуынша, барлық басшылар мен ата-аналарға бұл жөнінде ескертілді.

Оқушылар қашықтықтан оқуын жалғастыруда. Аудан аумағында барлық сервистер жұмыс істеп тұр.

ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Үмітғалым Мәукенованың ақпараты бойынша, барлық ірі кәсіпорындар жолаушы тасымалдаушылармен жұмысшыларын тасымалдау жөнінде келісім-шарт жасасқан екен. Ал қоғамдық көліктердің жұмысын тоқтату мәселесі қазір қарастырылуда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу