KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-ның бас санитары карантин ережелеріне өзгертулер енгізді

14.04.2020, 05:22 278

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы М. Исмаилов 2020 жылғы 30 наурыздағы №2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқырмандар назарына құжаттың толық нұсқасын ұсынамыз

  2020 жылғы  13 сәуір                                                           Өскемен қаласы

  Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциясының (COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу бойынша шектеу іс-шараларын енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы №2 қаулысына:

1) 3 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. Өскемен және Семей қалаларының аумағында шектеуге байланысты іс-шараларды өткізу мақсатында авариялық-құтқару қызметтерінің, жедел медициналық көмектің, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің, әлеуметтік, құқық қорғау және арнаулы органдардың, сондай-ақ төтенше жағдайға жедел ден қою штабы белгілеген органдар мен ұйымдардың арнайы рұқсаттамаларын көрсеткен кезде олардың қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, кіру/шығу үшін блокпостардың жұмысын қамтамасыз етсін»;

2) 7 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«7. Төтенше жағдайға жедел ден қою штабы белгілеген бірінші кезекте қажетті тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды, қорғаныс және гигиена құралдарын, жанар-жағар май материалдарын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы тауарлар мен өнімдерді, шикізаттарды, қосалқы бөлшектерді және өзге де жүкті, олар тиісті құжаттарды ұсынған кезде Өскемен және Семей қалаларына әкелу және әкету үшін "жасыл дәліз" белгіленсін»;

3) 8 тармақ келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

4) төтенше жағдайға облыстың жедел ден қою штабының шешімімен белгіленген адамдардың жекелеген санаттары.

4) мынадай мазмұндағы 18-1 тармақпен толықтырылсын:

18-1. Барлық адамдар қамтамасыз етеді:

1) денсаулық жағдайын, оның ішінде мүмкіндігінше мобильді қосымшаның көмегімен өзін-өзі бақылау;

2) вирустық инфекция симптомдары болған, дене қызуы, ентігу немесе жөтел көтерілген жағдайда медициналық қызметкерді тұратын жері бойынша дереу хабардар ету;

3) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 65 жастан асқан адамдардың, кәмелетке толмағандардың ата-анасының қарауынсыз үйден шығуына, бір мезгілде 3 адамнан артық болуына шектеу салынады;

4) маскалық режимді және бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр қашықтықта әлеуметтік қашықтықты сақтау.

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

М. Исмаилов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу