Алтай ауданы су тасқынына дайын ба? Жаңа әкім жағдайды бағалады
Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай ауданына жаңа әкім тағайындалғаны туралы жазған едік. 6 сәуір күні аудан тұрғындарымен танысқан Қалиқан Байғонысов бірден қызметке кірісіп, су тасқыны қаупі бар аймақтар мен Бұқтырма өзенінің бойындағы елді мекендерді аралап шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аудан басшысы жұмыс сапарында елді мекендердің тасқынға тосқын қоюға дайын екеніне, ешқандай қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізді. Сондай-ақ өзендерде сең жүрген кезде ешкімнің зардап шекпегенін көрді. Ауданда қауіпсіздік шаралары жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр.
Сондай-ақ әкім ауданның азаматтық қорғау күштерінің су тасқынына дайындығын байқап, құрал-жабдықтарын тексерді. Осы жылы жергілікті атқарушы орган 8 тасымалды және 1 тіркемелі мотопомпа сору жабдығын сатып алған екен. 4 тасымалды және 1 тіркемелі мотопомпа Алтай қаласының 3-өрт сөндіру бөліміне берілген.
«Тексеру нәтижесі бойынша Қалиқан Байғонусов ауданның су тасқынына дайындығын жақсы бағалады, – деп мәлімдеді Алтай ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.