KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да науқастарды пульмонология бөлімшесінен туберкулез диспансеріне ауыстырып жатыр

10.04.2020, 07:29 141

Алтай қаласындағы аурухананың пульмонология бөлімшесінен науқастарды турберкулез диспансеріне ауыстырып жатыр. Тұрғындар бұл жағдайға наразылық танытты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, бронх-өкпе ауруларына шалдыққан, жөтелі бар балалар мен ересектерді бұрыңғы туберкулезл диспансеріндегі стационарға жатқызуда. Бұл ғимаратта бұған дейін туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастар емделген екен. Соңғы жылдары мұнда облыстың басқа да аудандарынан келген науқастар жатқызылатын. Бөлімше 2018 жылдың мамыр айында ел аумағында туберкулез диспансерлерінің қайта құрылуы кезінде жабылып қалған. Содан бері ол ғимарат қайта пайдалануға берілмепті.

Тұрғындар бұрын қауіпті жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарды емдеген ғимаратқа балаларды жатқызғаны наразы. Алайда мамандар олардың денсаулығына еш қауіп жоқ екенін алға тартып отыр. Себебі, бөлімше жабылғаннан кейін мамандандырылған зертхана ғимаратты екі рет қатарынан толықтай дезинфекциялап, күшейтілген санитарлық жұмыстар жүргізіпті. Мұндай ортада Кох таяқшалары мен бациллалар өміршеңдігін жояды.

Аталмыш ғимаратқа пульмонология бөлімшесіндегі науқастарды ауыстыру қажетті шара болған екен. Бұл науқастар тәуекел аймағында болғандықтан, инфекция жұқтырудың алдын алу үшін ем-дом алуда. Өскеменде коронавирус инфекциясы алғаш рет пульмонология бөлімшесіндегі науқастың бірінен анықталып, бүкіл аурухананы толықтай жабуға тура келген. Ал Алтай қаласындағы жалғыз аурухана ғана бар. Сондықтан пульмонология бөлімшесіндегі науқастарды жеке ғимаратқа көшіру туралы шешім қабылданыпты. Бұл уақытша шара екенін айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив