Қазақстанда коронавирустан жетінші адам қайтыс болды
Ақмола облысында бір адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
8 сәуір 13:45-тегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi:
Қызылорда облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам.
Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Ол 1929 жылы дүниеге келген екен.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам,
Алматы қаласында – 119 адам,
Қарағанды облысында - 55 адам,
Ақмола облысында - 43 адам,
Атырау облысы - 36 адам,
Жамбыл облысында - 45 адам,
Шымкент қаласында - 20 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам,
Алматы облысында - 10 адам,
Ақтөбе облысында - 11 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,
Павлодар облысында - 1 адам,
Маңғыстау облысында - 6 адам,
Қызылорда облысында - 72 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Түркістан облысында - 33 адам,
Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 709 науқас бар.