Коронавирус: 20 науқастың жағдайы ауыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 20 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысының барысында мәлімдеді.
- "Алты науас көз жұмды, 46 науқас инфекциядан жазылып шықты. Қазір 670 адам ауруханада жатыр, оның 20-сының жағдайы ауыр. 83 науқастың жағдайы ортаа, 510 адамда вирус жеңіл түрде өтуде. Жалпы ел аумағында коронавирус жұқтырғандармен байланысты болған адамдар 19%-ды құрайды, олардың 27%-ы оқшауланған", - деді министр.
Оқи отырыңыз