KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Науқастардың 85 пайызында ауру жеңіл түрде өтуде – Айжан Есмағамбетова

6.04.2020, 09:58 117

Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жағдайы ауыр науқастардың бірі Шығыс Қазақстан облысында екенін айтты.

– Елімізде вирус анықталғандардың 85 пайызында аурудың ешқандай белгісі байқалмай жеңіл түрде өтуде. 11,5 пайызында орташа өтуде. Ал қалған бөлігі, яғни 16 науқастың хәлі ауыр. Олар: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, – деді Айжан Есмағамбетова.

Сөзінше, 17 000-нан астам науқаспен байланыста болған адам тіркелген, олардың 10 000-нан астамы үй карантинінде.

– Енгізілген карантиндік-шектеу шаралары инфекцияның таралу қарқынын төмендетеді. Мәселен, Нұр-Сұлтан мен Алматыда енгізілген шектеу шараларының тиімді жүзеге асып жатқанын айтуға болады. Нұр-Сұлтан қаласында 27 наурыздан бастап тәулік сайын 60 жағдайдан 0-ге дейін өсу қарқынының төмендегені байқалады, Алматыда күн сайынғы өсім орта есеппен 15-тен 6 жағдайға дейін өзгеруде. Республика бойынша ауыру өсімі 10-11%-дан аспайды, –  деді ол.

Айтуынша, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстарында сырқаттанушылықтың жоғары өсімі тіркелген. «Бұл енгізілген карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтай отырып, тағы да қосымша шектеу шараларын енгізу қажеттігін көрсетеді», деді бас санитарлық дәрігер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу