KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, З
520.27 537.65 5.24

Ағылшын футболшылары жалақыларын 30 пайыз азайтуға келісті

4.04.2020, 04:05 78

Ағылшын Премьер-лигасының ойындары мамыр айында да болмайды. Бұл туралы жұма күнгі клубтар жиынында айтылды.

"Лиганың кестесі COVID-19 пандемиясына байланысты жанданады. Бұл - бәріміздің басымызға түскен қиындық. Ойындар, коронавирустың қаупі сейіліп, қолайлы жағдай туғанда бірақ жалғасады", - делінген таратылған ақпаратты.

Әлемдегі жағдайға байланысты ағылшындық клубтар дағдарысқа тап болған. Сол себепті олардың басшылықтары футболшылардың жылдық сыйақы көлемін қысқарту тұрғысында да ақылдасты. Келісім бойынша, биыл ойыншылардың сыйақысы 30 пайыз азайтылмақ. 

Сонымен қатар, Премьер-лига клубтары денсаулық сақтау саласына көмек ретінде 20 миллион фунт стерлинг жинап берді. Олар төмендегі лигалардың клубтарына да 125 миллион фунт стерлинг шамасында қаржылай қолдау көрсетпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу