Коронавирус: инфекция жұқтырғандар саны 372 адамға жетті
![](/kz/uploads/posts/iblock/c65/c657b6a89a3c69e4fd379346d37fa859.jpg)
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды, елімізде барлығы 372 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Алтайньюс coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
2020 жылғы 1 сəуір сағат 16:50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Қызылорда облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 1 адам. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша барлығы 372 жағдай тіркелген.
Олардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қ. – 184,
Алматы қ. – 84,
Қызылорда облысы – 25,
Атырау облысы – 16,
Ақмола облысы – 16,
Қарағанды облысы – 14,
Алматы облысы – 9,
Түркістан облысы – 5,
Ақтөбе облысы – 4,
Жамбыл облысы – 3,
СҚО – 3,
Шымкент қ. – 3,
ШҚО – 2,
БҚО – 2,
Павлодар облысы – 1,
Маңғыстау облысы – 1.