KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

2021 жылы зейнетақы қанша пайызға өсетіні белгілі болды

22.08.2020, 08:03 204

2021 жылы зейнетақы мөлшері қанша пайызға өсетіні белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Адамның жасына байланысты және еңбек еткен жылдары үшін төленетін зейнетақы мөлшері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға өседі, – деп жазылған екен «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында.

Еске салайық, 2020 жылы зейнетақы мөлшері екі есе өсті. Бірінші рет жоспарлы түрде 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 7 пайызға артты, бұл ретте ең төменгі зейнетақы 38 636 теңге болды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5 пайызға артты, ал оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңге болды.

Екінші рет сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша зейнетақылар мен барлық әлеуметтік төлемнің жылдық мәнде 10 пайызға индекстелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу