KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Тақ және жұп сандар. Қалаға кіруге және қаладан шығуға шектеу қойылады

31.03.2020, 10:20 291

Өскемен мен Семей қалаларындағы қозғалысқа 2 сәуір түнгі сағат 00.00-ден бастап қосымша шектеулер енгізіледі. Қала әкімі бекітілген шарттарды егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Қалаға кіруге және қаладан шығуға шектеу қойылады. Қозғалысты қадағалау үшін арнайы 7 блок-пост қойылды. Сондай-ақ күндіз қала ішіндегі қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеледі. Ал түн мезгілінде қызметтік көліктерден басқалары жүрмейді. Бір аптадан кейін қоғамдық көліктер мүлдем тоқтайды. 35 стратегиялық кәсіпорынның қызметкерлерін 204 микроавтобус және 10 трамвай бекітілген маршрут бойынша апарып-әкеліп отырады. Сондай-ақ 6 сәуірден бастап жеке көліктердің қала ішінде жүруіне шектеу қойылмақ. Күнтізбеде жұп санмен белгіленген күндері мемлекеттік тіркеу номері жұп санмен аяқталатын (0 қосылады) көліктер, ал тақ санмен белгіленген күндері тиісінше, мемлекеттік тіркеу номері тақ санмен аяқталатын көліктердің жүруіне рұқсат беріледі, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив