KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Өскеменге 7, Семейге 8 блок-пост қойылды

1.04.2020, 11:45 242

Қалаға кіріп-шыққан көліктерді бақылау үшін Өскеменге 7, Семейге 8 блок-пост қойылды. Тәртіп сақшылар үш аусым режимі бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Көліктер қалаға тек «жасыл каридор» арқылы кіріп-шыға алады. Яғни азық-түліктерді және аса қажетті заттарды тасымалдайтын машиналар ғана жүреді деген сөз. Сондай-ақ 6 сәуірден бастап жеке көліктердің қала ішінде жүруіне шектеу қойылмақ. Күнтізбеде жұп санмен белгіленген күндері мемлекеттік тіркеу номері жұп санмен аяқталатын (0 қосылады) көліктер, ал тақ санмен белгіленген күндері тиісінше, мемлекеттік тіркеу номері тақ санмен аяқталатын көліктердің жүруіне рұқсат беріледі, – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полицияның ақпаратына сүйенсек, қоғамдық тәртіп тәулік бойы бақылауда болады. Өскемен қаласының аумағы шарты түрде 200 шаршыға, Семей 202 шаршыға бөлінген. Патрульдік полиция мен өзге де әскери қызметкерлер әр аумақты автокөлікпен және жаяу-жалпы жүріп бақылайды. Айта кету ләзім, қала тұрғындары жеке куәлігін қашан да тастамай алып жүруі керек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив