Өскемен мен Семейдің карантинге жабылатыны жайлы ақпарат фейк емес
Өскемен мен Семей қалаларының карантинге жабылатыны жайлы ақпарат фейк емес. Мұны облыстың бас санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Марат Исмаилов растады.
Қалалардың жабылатыны туралы қаулы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми парақшасында жарияланды. Онда Өскемен мен Семей 2 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап жабылатыны жазылған. Кейіннен бұл хабар өшірілді. Марат Исмаилов ақпараттың алынуына халықтың дүрбелеңге салынуы себеп болғанын айтты.
– Алайда жарияланған қаулы фейк емес, дәл қазір осы мәселе облыс әкімдігінде талқыланып жатыр. Арнайы құрылған штаб мүшелері екі қаланы жабатыны немесе жаппайтыны жайлы шешімін кейінірек айтады, – деді ол.