KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Дайын құжаттарды беру терезесі әр қаланың тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

30.03.2020, 04:56 106

30 наурыздан бастап Өскемен қаласында дайын құжаттарды берудің бірыңғай терезесі тек Белинский, 37а мекен-жайында орналасқан ХҚО-да жұмыс істейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылғанын еске саламыз. Азаматтар қызметтерді тек электронды форматта алады.

Осы ретте Өскеменде дайын құжаттарды берудің бірыңғай терезесі тек Белинский көшесінде орналасқан ХҚО-да жұмыс істейді. Бұл жерде өскемендіктер онлайн форматта ресімделген мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін ала алады. eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар.

Семей қаласының ХҚО-да, сондай-ақ барлық аудандарда дайын құжаттарды берудің тек бір ғана терезесі жұмыс істейді.

Қызмет алушылардың дайын құжаттарын беру жұмысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 400-ге жуық қызметкері тартылған. Олардың барлығы қорғаныс және дезинфекция құралдарымен жабдықталған.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.

Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлімдердің тізімін төменнен немесе  gov4c.kz сайтынан көруге болады.

21 наурызға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш тапсырған азаматтар дайын нәтижелерін 28 наурызға дейін алғаш жүгінген ХҚО-дан ала алады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу