Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Өскемен және Семей қалаларына карантин енгізілуі мүмкін» деген сыбысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аймақ басшысының айтуынша, облыс көлемінде COVID-19 инфекциясы жоқ және жағдай тұрақты.
– Өкінішке орай, қиын-қыстау кезде елді дүрліктіретін жалған ақпараттар әлеуметтік желілер арқылы көп тарап жатыр. Мен облыс әкімі ретінде көптеген мәселеге, айталық төтенше жағдай кезіндегі әрбір іс-қимылға жауапты тұлғамын. Сондықтан Шығыстағы қалаларға карантин енгізу туралы мәселе қозғалмағанын айтқым келеді. Әкімдікте іс насырға шабар болса, қозғалысты шектуге байланысты жиналыс өткізгеніміз рас. Біз билік өкілдері ретінде мәселені жан-жақты қарастыруға міндеттіміз.
Өтінемін, дүрлікпеңіздер! Карантин енгізу немесе өзге де қатаң шаралар қабылданатын болса, мен өзім алдын ала мәлімдеймін. Дәл қазір ШҚО аумағында COVID-19 инфекциясы жоқ және жағдай тұрақты, – деді Даниал Кенжетайұлы.