KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2,1 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Даниал Ахметов ТЖ кезіндегі жауапкершілік жайлы айтты

30.03.2020, 04:27 186

ШҚО әкімі Даниал Ахметов коронавирусқа қатысты облыс халқына арналған үндеу жасады. Аймақ басшысы төтенше жағдай режимін бұзғандардың жауапқа тартылатынын екертті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- "Өздеріңізге белгілі, елімізде күн санап, коронавирус жұқтырғандардың саны артып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 271 оқиға тіркелді. Оның ішінде біздің облыста 2 жағдай бар. Өңірде инфекцияның таралуын тежеу үшін тиісті шаралар орындалуда. Десе де, өкінішке орай, мемлекеттік деңгейде қойылған шектеулерге қарамастан, облысымыздың бірқатар азаматтары төтенше жағдай режимін елегісі келмейді", - деп жазады Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Мәселен, Семей қаласында рейд барысында кальян тартуға арналған үш орын салынған тыйымға қарамастан жұмыс істегені анықталыпты. Бұған қоса, тағы бір кафе сағат 22.00-ден кейін де қызмет еткен. Нәтижесінде, үш адам 5 тәулікке қамауға алынып, 1 адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, Өскемендегі клуб иелерінің бірі 7 тәулікке қамауға алынған екен. Жалпы, ШҚО бойынша қазіргі уақытта 26 әкімшілік іс қозғалды. 15 адам жауапкершілікке тартылып, оның 10-ы қамауға алынып отыр.

- "Құрметті ШҚО тұрғындары, төтенше жағдай талаптарын бұзған азаматтар 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынатынын немесе 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейтінін естеріңізге салғым келеді", - дейді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив