KZ
Өскемен
-27°
плотный туман жел 1 м/с, С
520.27 537.65 5.24

Әлемде 475 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

26.03.2020, 09:20 89

Дүние жүзін дүрліктірген коронавирус инфекциясын әлем бойынша 475 мың 590-нан астам тұрғыны жұқтырған. 21 мың 327-ден астам адам осы кеселден қайтыс болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Соңғы ресми деректер бойынша, Италия аталмыш індеттен адам шығыны ең көп тіркелген ел болып саналады. Ал науқастар саны бойынша, Қытай бірінші орында.

Дәл қазір індеттің тез таралуына байланысты жер бетін мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі карантинде жатыр. Көптеген елде төтенше жағдай режимі  мен коменданттық сағат енгізілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін карантин талаптарын бұлжытпай орындауға шақырады. Ұйым басшысының айтуынша, қоғамнан оқшаулану арқылы ғана аты жаман ауруды жеңу мүмкін болады.

«Үйде отырудың маңыздылығын тағы бір рет қайталағым келеді. Оқшауланудың арқасында ғана медицина саласына артылған ауыр жүкті жеңілдете аламыз. Адамдардың қозғалысын уақытша тоқтату керек. Алайда мұнымен мәселе толық шешіле қоймайды. Бұдан да басқа маңызды шараларды қолға алайық. Атап айтқанда, науқастарды анықтап, оларды мәжбүрлі оқшауламен қатар тексерістен өткізіп емдеу, сонымен қатар вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандардың барлығын дереу карантинге жатқызу шаралары шұғыл түрде іске асырылуы керек», – дейді ДДСҰ басшысыТедрос Аданом Гебреисус.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу