Шағын және орта бизнесті 1 жылға мүлік салығынан босату ұсынылды
Шағын және орта бизнес 1 жылға мүлік салығынан босатылмақ. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Министрдің айтуынша, шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық ынталандыру қарастырылған.
Бизнестің мұндай санаттарына ірі сауда объектілері, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорт нысандары жатады.
Бұл санаттағы кәсіпкерлер үшін 1 жылға дейін мүлік салығынан босату, бір тоқсанға өсімпұл есептеуді тоқтату, сондай-ақ, 3-ші тоқсан үшін салықтық есептілік мерзімін ауыстыру ұсынылып отыр.
Оқи отырыңыз