KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Кәсіпкерлер жылдың соңына дейін салықтан босатылатын болды

14.04.2020, 08:58 143

Ел экономикасын тұрақтандыру мақсатында Үкімет жаңа Қаулыға қол қойды. Осыған сәйкес кәсіпкерлерді қолдауға байланысты шаралар 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО Аймақтық коммуникация қызметінің деректеріне сүйенсек, 2020 жылдың соңына дейін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ірі сауда нысандары, сауда және ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша мүлік салығынан босатылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер жер салығын төлемейді. Ал салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібі бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығынан босатылды.

Сондай-ақ аталған санаттардағы салық төлеушілердің уақытында төлемеген салыққа берешегі болса, оған 15 тамызға дейін өсімақы қосылмайды. Салықты тапсыру мерзімі 2020 жылдың үшінші тоқсанына қалдырылды.

Туризм, қоғамдық тамақтану және қонақ үй қызметі саласында нысандары бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлік салығын жыл соңына дейін төлейтін болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату және импорттау кезінде 2020 жылғы 1 қазанға дейін 8%-дық мөлшерде қосымша құн салығы белгіленеді.

Қаулыға сәйкес 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін экспортқа өткізілетін бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны бойынша ел аумағында акцизделетін тауарларды өндірушілер акциз төлеуден босатылады. Шағын немесе орта кәсіп иелері барлық салықтан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен әлеуметтік төлемдерден толық босатылды.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік кіріс органдары тексеру жүргізуді тоқтатады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу