Қазақстанда шағын литражды көліктерді салықтан босату ұсынылды
Елімізде жанармайды аз жұмсайтын шағын литражды көліктерді салықтан босату ұсынылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, биыл бензин акцизінің деңгейі өспейді екен.
- Егер бензиннің бағасын көтерілетін болса, онда шағын литражды көліктерді салықтан босату қажет. Бұл біздің ұсынысымыз. Яғни, қозғалтқыш көлемі үшке дейінгі көлік жүргізушілері көлік салығын төлемейтін болады, - дейді Қанат Бозымбаев.
Аталмыш ұсыныс Ұлттық экономика министрлігіне енгізіліп отыр.
Оқи отырыңыз