Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқас жазаға тартылды
Коронавирус жұқтырған Алматы қаласының тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен.
Ақпартқа сүйенсек, әйел адам санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, өзімен байланыста болған адамдар туралы мәлімет беруден бас тартып отыр. Науқас ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Осы ретте полиция адамдарды коронавирустың алдын алу бойынша шараларға барынша көмек көрсетуге және атқарылып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.
Оқи отырыңыз