KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі жоғары

12.03.2020, 09:23 172

Облыс бойынша эпидемиялық маусымның басынан бастап (1 қазан 2019 ж. 5 наурыз 2020 ж.) жедел респираторлық вирустық жұқпа (ЖРВЖ) және тұмаумен ауырған 50 794 адам тіркелген, 100 мың адамға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші – 3 681,4 құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 5,8% жоғары. Бұл туралы ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Департамент мәліметінше, ЖРВЖ-мен ауырған адамдардың 61,1%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. ЖРВЖ мен тұмаудың ауыр және өлім-жітімге апарған жағдайлары тіркелген жоқ.

2019-2020 жж. эпидемиологиялық кезеңде тұмаудың 2 түрі таралған: 77% жағдайда «В», 23 % жағдайда А түрі.

«Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізіліп жатыр:

- ЖРВЖ аурушаңдығының деңгейіне күн сайын мониторинг жүргізілуде;

- ЖРВЖ мен тұмау аурушаңдығы кезеңінде жаппай және ойын-сауық іс-шараларын  шектеуді, зарарсыздандыру және желдету тәртібін, ауруханаға келушілер санын шектеуді, медицина қызметкерлерінің жеке қорғаныс құралдарын міндетті  қолдануларына бақылауды күшейте отырып, облыстың барлық медицина мекемелерінде  шектеу  іс-шаралары енгізілді;

- ЖРВЖ мен тұмаудың және олардың асқыну белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі сәбилерге медициналық көмекті  бірінші кезекте көрсету және оларға күн сайын медициналық  бақылау жүргізу қамтамасыз етілуде;

- медициналық ұйымдардың ЖРВЖ мен тұмауды емдеуге арналған вирусқа қарсы және симптоматикалық дәрі-дәрмектермен, медицина қызметкерлерінің  жеке қорғаныс құралдармен қамтамасыз етілуіне, медициналық мекемелерде індетке қарсы тәртіптің  сақталуына  жүйелі түрде  қадағалау жүргізілуде;

- барлық алғашқы медициналық  көмек көрсету ұйымдарында ЖРВЖ  және  тұмаумен ауырған науқастарды қабылдауға  арналған – «сүзгілер» ұйымдастырылған», – делінген департамент ақпаратында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу