KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

ШҚО-да жедел жәрдем боранда науқас балаларға жете алмады

12.03.2020, 04:15 138

Ұлан ауданында боранның салдарынан жолдарды қар алып қалып, жедел жәрдем көлігі ауылдардың біріндегі науқас балаларға жете алмады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға Ұлан ауданының Каменка ауылдық округінде болған. Осы округке қарасты Тройницкое ауылында үш бала науқастанып, дене қызуы көтерілген. Шақыртылған жедел жәрдем қар алып қалған жолдардың салдарынан ауылға жете алмайды.

Ауылдық округтің әкімі науқас балаларды аудандық ауруханаға жеткізу үшін Төтенше жағдай қызметінен көмек сұраған екен.

Құтқарушылар арнайы «Трэкол» автомобилімен Тройницкое ауылынан балаларды алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Сондай-ақ, олар жедел жәрдем көлігін аудандық аурузанаға дейін шығарып салды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив